«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Корпоративтік оқиғалар күнтізбесі

2013 ЖЫЛҒЫ КОРПОРАТИВТІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ


  • «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасын іске асыруға қатысу.
  • Банктің 107 мың жаңа қатысушымен толығуы.
  • Банктің депозиттік операцияларды жүзеге асыру, халыққа кредит беру, комиссияларды қолдану, заемдарды қайта құрылымдау, құрылыс жобаларын іске асыру/пулдар құру мәселелері бойынша ішкі құжаттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуі.
  • ТҚЖ шарттарын жасау және клиенттерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша 7 қызмет көрсету орталықтарының ашылуы.
  • Уәкілетті органдардың Банктің орталық аппаратының және филиалдарының қызметіне 51 тексеру жүргізуі (Прокуратура органдары, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті, ҚР ҰБ ҚҚК, Салық комитеті және басқалар).

Қаңтар

  • Жаңа және бұрынғы заемшылар үшін тұрғын үй заемдары бойынша кредит беру опцияларының талаптарын әзірлеу және бекіту (жаңа заемшылар үшін 2013 жылғы 1 наурыздан бастап енгізілді).
.

Сәуір

  • 2012 жылға арналған жылдық қаржылық есептілікті бекіту.
  • 01.04.2013ж. бастап жеке Байланыс орталығының пайдалануға берілуі.

Мамыр –Тамыз

  • Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкестігін растау.

Тамыз

  • Құқықтар мен мемлекеттік акциялар пакетін иеленудің «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға берілуі.

Қыркүйек

  • Банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингілерін Moody’s растауы.
  • «Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне – 10 жыл. Қорытындылар және даму перспективалары» тақырыбында халықаралық конференцияның өткізілуі.

Қазан

  • Банктің басқарушы қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің (зайыбы, кәмелетке толмаған балалары) «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына қатысуына шектеулер белгіленген «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басшылығының және қызметкерлерінің Корпоративтік әдеп кодексінің бекітілуі.

Қараша

  • 8 түрлі комиссия мөлшерінің азайтылуы.
  • Жеке тұлғаның кепілдігімен тұрғын үйді жөндеуге және жаңартуға тұрғын үй заемдарын берудің мақұлдануы.

Желтоқсан

  • Банктің Кредит беру ережелерінің жаңа редакцияда бекітілуі.
  • 6 түрлі комиссияның алынып тасталуы.
  • 1 трлн. теңгеден артық шарттық сома мөлшеріне қол жеткізілуі.